«Салауатты мектеп» жобасы аясында 01.03.2026 жылы №17 жалпы білім беретін мектепте 8–9 сынып қыздарына арналған «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді.
Кездесуге тәжірибелі дәрігер-гинеколог Смадиярова Улболсын Рахметуллаевна арнайы шақырылып, жасөспірімдерге денсаулық сақтау мәдениеті, репродуктивті денсаулық, ерте жүктіліктің зияны және оның алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Маман қыз балаларға:
- Жасөспірім кезеңдегі физиологиялық өзгерістер,
- Ерте жүктіліктің денсаулыққа, білім алуға және болашақ өмірге әсері,
- Жеке бас гигиенасы мен өзін-өзі қорғау мәдениеті,
- Жауапкершілік пен дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы туралы түсіндірді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Шараның басты мақсаты – жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығын сақтау, олардың саналы көзқарасын қалыптастыру және ерте жүктіліктің алдын алу жолдарын түсіндіру болды.
Мұндай профилактикалық жұмыстар оқушылардың денсаулығын нығайтуға және болашақта дұрыс өмірлік таңдау жасауына оң ықпал етеді.


