📌№17 жалпы орта мектебінің 4 «Ж» сыныбында «Жақсылық жаса» атты қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шараға оқушылар мен ата-аналар белсене қатысты. Бірлескен күш-жігердің арқасында азық-түлік өнімдері мен тұрмыстық химия заттары жиналды. Барлық жиналған көмек аз қамтылған отбасыларға табысталды. Бұл акция ұйымшылдықтың, мейірімділік пен көмекке мұқтаж жандарға деген қамқорлықтың жарқын үлгісі болды.