«Оқуға құштар мектеп» жоба аясында 2026 жылы 13 ақпан күні мектебімізде Халықаралық кітап сыйлау күніне орай челленджі өтті. Челленджге мектебіміздің оқушылары бір-біріне құнды кітаптар сыилап, білімге деген сүиіспеншілікті арттыруда. Әрбір тарту етілген кітап – жаңа әлемнің есігін ашып, жан дүниеге шуақ шашатын баға жетпес қазына.
Бұл челлендж – тек кітап алмасу ғана емес, жақсылық пен ізгілікті дәріптеу. Біздің мақсатымыз – кітап оқу мәдениетін дамыту, оқушыларды рухани жетілдіру, білім нәрімен сусындату.
Кітап – ең жақсы сыи! Ендеше, сіз де осы игі бастамаға атсалысып, жақындарыңызға, достарыңызға немесе мектебімізге шын жүректен кітап сыйлауға асығыңыз!