Skip to content

«Ақылды отбасы» атты плакаттар сайысы

Парасатты отбасы тақырыбының аясында мектебімізде «Ақылды отбасы» атты плакаттар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты — отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сайысқа 59 оқушы белсене қатысып, өз отбасыларының бірлігі мен парасатын плакат арқылы көрсете білді. Қатысушылар білім, тәрбие, сыйластық пен ынтымақ тақырыптарын көркем әрі мазмұнды түрде жеткізді.

Сайыс нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, қатысушылар марапатталды.

Leave a Reply