7 қазан күні мектебіміздің 11-сынып оқушылары №21 мектепте өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) туралы ақпараттық кездесуге қатысты.
Кездесу барысында білім бөлімі мамандары мен тестілеу орталығының өкілдері 2025 жылғы ҰБТ өткізу ережелері, тіркелу тәртібі және жаңа форматтағы өзгерістер туралы толық мәлімет берді.
Сонымен қатар, оқушыларға ҰБТ-ға дайындық кезінде назар аударатын негізгі бағыттар мен пәндер комбинациясын дұрыс таңдау жолдары түсіндірілді.
Маман иелері тестілеудің өткізілу уақыты, онлайн тіркелу кезеңдері және қорытынды нәтижелердің шығарылу тәртібі жайында нақты ақпараттар ұсынды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Бұл іс-шара бітіруші түлектердің алдағы сынаққа дайындығын күшейтіп, білімге деген ынтасын арттырды.
Кездесуге қатысқан оқушылар саны: 11-сыныптан — 60 оқушы.



