Денсаулық – баға жетпес байлық!
Бүгін 16.10.2025 ж. мектеп дәрігері оқушылармен дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты тақырыбында түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Кездесу барысында балалар күнделікті ас мәзірін дұрыс құрастыру, дәруменге бай тағамдарды тұтыну және судың маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат алды. 💧
Мұндай кездесулер оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.


