Бүгін мектебімізде 10.10.25 ж. «Мектеп — ата-ана — мұғалім» үштік одағының байланысын нығайту, ұрпақ тәрбиесіндегі өзара түсіністік пен серіктестікті арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.
Ата-аналар пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, балаларының оқу үлгерісі мен тәрбие бағытындағы жетістіктері туралы пікір алмасты.
Кездесу барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, мектеп өмірімен кеңінен танысты.
Іс-шара ата-ана мен мектеп арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты арттырды.
Қатысқан ата-ана саны: 243
Бірлескен еңбегіміз нәтижелі болсын!