Мектебімізде 2 мамыр “Жас Ұлан”, “Жас Қыран” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Мақсат: жасөспірімдерді ұлттық және азаматтық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру. Ұйымға барлығы 90 оқушы қабылданды. Салтанатты жиын ҚР әнұранымен ашылып, мектеп директоры Казиева З.А. оқушыларға құттықтау тілегін айтты. Ұйымға қабылданатын оқушыларға төсбелгі тағу Мектеп Парламенті мүшелеріне тапсырылды.