2025 жылғы 23 сәуір күні №17 жалпы орта білім беретін мектепте оқушылардың жолда жүру ережелерін сақтауға бағытталған «Жас жол инспекторы» қозғалысы аясында Ақтау қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі мен қалалық білім бөлімімен біріге отырып №17 мектеп базасында ұйымдастырған «Жол қозғалысының жас инспекторлары» қалалық слеті өтті.
Аталған іс-шара мектеп әкімшілігінің қолдауымен, жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері және Ақтау қаласы Полиция Басқармасымен бірлесе отырып өткізілді. Слетке қаламыздың жеті мектебі қатысып,байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің “Сақ жүрек” командасы 2-орынға болды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, жолда жүру ережелерін терең түсіндіру және балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Шара барысында оқушылар:
- Жол белгілері мен бағдаршам туралы білімдерін ортаға салды;
- Арнайы викториналарға және интерактивті ойындарға қатысты;
- Жолда жүру ережелеріне арналған қойылым көрсетті;
Іс-шара соңында белсенді қатысқан 8 «Ә» сынып оқушылары Талғат Мерей,
Доғдырбай Манарбек және 7 «Л» сынып оқушысы Хусаин Аяна арнайы дипломдармен марапатталды.
Бұл қозғалыс балалардың жол қозғалысы ережелерін дұрыс меңгеруіне және жауапкершілігін арттыруға оң әсер етті.





